(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР АШМ АУЫЛДЫҚ АУМАҚТАР ІСТЕРІ КОМИТЕТІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
Осы редакция 2007 жылғы 28 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2005 жылғы 6 сәуірдегі
№ 310 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң
Ауылдық аумақтар iстерi комитетi туралы
Ереже
(2007.02.03. берілген өзгерістерімен)
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Ауылдық аумақтар iстерi комитетi (бұдан әрi - Комитет) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен және осы ережемен жүктелген ауылдық аумақтар iстерi жөніндегі мемлекеттік саясатты және көрсетiлген салада бақылау функцияларын iске асыру саласындағы арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң (бұдан әрi - Министрлiк) құзыретi шегіндегі ведомствосы және уәкілеттi органы болып табылады.
2. Комитеттің негізгi мiндеттерi:
1) ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ету;
2) ауылдық аумақтарды дамытудың және ауыл халқының тiршілiгiн қамтамасыз етудiң құқықтық және әлеуметтiк-экономикалық шарттарын жетiлдiру болып табылады.
3. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы ереженi басшылыққа алады.
4. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы, Министрлiкке ведомстволық бағыныстағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң органдарында және банктерде шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Редакция документа
Демо – версия документа