(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) (КҮШІ ЖОЙЫЛДЫ)
«Дарынды балаларға арналған мектептердi мемлекеттік қолдау және
дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің өкімін
жүзеге асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы
1996 жылғы 16 қыркүйек № 1125
(ҚР Үкіметінiң 11.01.02 ж. № 41 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2007 жылғы 29 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Дарынды балаларға арналған мектептердi мемлекеттік қолдау және дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 мамырдағы № 3002 өкімін жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Берiлiп отырған дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер туралы Ереже бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Білім министрлігі дарынды балаларды анықтау және оларды ынталандыру мақсатында жыл сайын ғылым негiздерi бойынша олимпиада, көркемдiк, техникалық, натуралистiк және басқа да бағыттар бойынша «Жасөспiрiмдер шығармашылығы» фестиваль-конкурсын өткiзсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
жоғары оқу орындарының жанынан және облыс орталықтарында мамандандырылған мектептер ашу үшiн, сондай-ақ дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған мектептердi дамыту үшiн 1997 жылдан бастап республикалық бюджетте қаражат бөлудi көздесiн;
дарынды балаларды халықаралық олимпиадаларға, конкурстарға, турнирлерге және спорттық шараларға даярлауға және оларға қатысуына 1997 жылдан бастап республикалық бюджетте қаражат көздесiн.
4. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi:
ғылым негiздерiн зерделеуде, кескiндемеде және басқа да өнер түрлерiнде, спортта, балалар көркемөнерi шығармашылығында ерекше дарындылық немесе қабiлеттiлiк танытқан оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудiң жай-күйiн қарайтын болсын, сондай-ақ осындай балаларға арналған мектептер мен мектептен тыс мекемелердiң жүйесiн сақтау мен мүмкiн болатын кеңейтуге бағытталған шаралар жүйесiн әзiрлеп, бекiтсiн;
Редакция документа
Демо – версия документа