Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1404 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1404 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 61-қосымшада:

«Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер» деген 7-тармақтың «Тікелей нәтижесінде»:

бесінші абзацта «автокөлік - 1 дана» деген сөздер «автокөлік - 2 дана» деген сөздермен ауыстырылсын;

алтыншы абзацта:

«4 автомобиль)» деген сөздер «9 автомобиль)» деген сөздермен ауыстырылсын;

«жабдықтарын» деген сөзден кейін «, кемінде 5 дана медициналық жабдықтар» деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку