(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.15.03. № 195 ҚАУЛЫСЫ
«Қазақстан Республикасы Yкіметінің төтенше резервінен қаражат бөлу және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204
қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 наурыздағы № 195 Қаулысы
Осы редакция 2007 жылғы 24 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қызылорда облысында Сырдария өзеніндегі жағалаулық қорғау бөгеттерінің бұзылуы салдарын жою үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне дүлей зілзала салдарын жоюға Қызылорда облысының әкіміне бөлу үшін 2007 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен көзделген жалпы сомасы 927200000 (тоғыз жүз жиырма жеті миллион екі жүз мың) теңге нысаналы трансферттер бөлінсін.
103600000 (бір жүз үш миллион алты жүз мың) теңге - жолдарды қалпына келтіруге және жөндеуге;
71000000 (жетпіс бір миллион) теңге - жарылыс жұмыстарын жүзеге асыру, зардап шеккен халықты көшіру, көшіру жұмыстарына қатысушыларды көлікпен, байланыс құралдарымен, жанар-жағар май материалдарымен материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі іс-шараларға, азық-түлікке;
752600000 (жеті жүз елу екі миллион алты жүз мың) теңге - зардап шеккендерге саяжай алабы құрылыстарының, жер учаскілері мен екпелердің құнын өтеуге бөлінеді деп белгіленсін.
3. «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
II «Шығындар» бөлімінде:
Редакция документа
Демо – версия документа