(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2000 Ж. 6 ҚАҢТАРДАҒЫ № 23 ҚАУЛЫСЫ
Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинаумен
(дайындаумен), сақтаумен, өңдеумен және сатумен айналысатын
шаруашылық субъектілерінің қызметін бақылауды күшейту жөніндегі
шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 6 қаңтардағы № 23 Қаулысы
(ҚР Үкіметінің 13.03.00 ж. № 383; 27.08.01 ж. № 1105; 06.02.03 ж. № 135; 06.09.04 ж. № 936; 2005.14.04. № 353
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2007 жылғы 16 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинаумен (дайындаумен), сақтаумен, өңдеумен және сатумен айналысатын шаруашылық субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылауды күшейту мақсатында:
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 27.08.01 ж. № 1105; 2005.14.04. № 353 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1 -тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі:
“Қайталама қара және түстi металдар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 13 наурыздағы № 383 қаулысымен белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін заңды тұлғаларды анықтау жөнінде іс-шаралар жүргізсін және ашылған кемшіліктерді жою жөнінде іс-шаралар жүргізсін;
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен келісу бойынша түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинаумен (дайындаумен), сақтаумен, өңдеумен және сатумен айналысатын мамандандырылған ұйымдар желісін жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындасын.
ҚР Үкіметінің 06.02.03 ж. № 135 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 06.09.04 ж. № 936; 2005.14.04. № 353 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
Редакция документа
Демо – версия документа