Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қарашадағы № 1086 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қарашадағы № 1086 Қаулысы

 

Ветеринариялық зертханаларды халықаралық стандарттардың және нормалардың талаптарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 111-қосымшада:

«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:

реттік нөмірі 1-жолда:

«кәсіпорнының» деген сөзден кейінгі «типті» деген сөз «бір типті модульдік облыстық» деген сөздермен ауыстырылсын;

«типті ветеринариялық зертханаларын қайта жаңғырту» деген сөздер «бір типті модульдік аудандық ветеринариялық зертханаларын салу» деген сөздермен ауыстырылсын;

7-тармақта «типті ветеринариялық зертханалар салуға және ветеринариялық зертханалардың 115 типті ғимараттарын қайта жаңғыртуға және жануарлар үшін 37 үй-жайлар салуға» деген сөздер «бір типті модульдік облыстық ветеринариялық зертханаларда жануарларға арналған 11 үй-жайларымен салуға және 115 бір типті модульдік аудандық ветеринариялық зертханаларды 26 үй-жайларымен салуға» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку