Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоксандағы № 1220 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 қарашадағы № 1059 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоксандағы № 1220 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 қарашадағы № 1059 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 406-қосымшада:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен кірігуін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тарту»;

«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру» деген сөздерден кейін мынадай сөздермен толықтырылсын: «1) қор  биржасының акцияларын сатып алу; 2) «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының рейтингтік агенттігі» АҚ Ұлттық рейтинг агенттігін құру; 3) «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының академиясы» АҚ қор нарығы институтын құру; 4) «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» АҚ-ның қаржы-шаруашылық қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар; 5) ғимарат (офистік үй-жай) сатып алу.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Биржаны коммерциализациялау жөніндегі іс шараларды жүзеге асырғаннан кейін «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның акцияларын сатып алу, ағымдағы қор нарығы инфрақұрылымын жетілдіру арқылы бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамыту үшін базалық алғышарт жасау,»«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» АҚ-ның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Соңғы нәтиже: Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамыту, халықаралық капитал нарықтарымен кірігуі, Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тарту.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: биржаны басқару мен дамытуға қатысу; коммерциялық негізде сапалы бәсекеге қабілетті рейтинг қызметтерін ұсыну; коммерциялық негізде қор нарығының халықаралық деңгейге сай жоғары білікті мамандар даярлау жөнінде қызметтер көрсету.

Уақтылылық: іс-шараларды белгіленген кестелерге сәйкес уақтылы орындау.

Сапа: Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының инфрақұрылымын құру мен дамыту, жаңа қаржы құралдарының айналымы үшін негіз жасау.».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку