(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Осы редакция 2007 жылғы 12 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 30 қаңтардағы
№ 106 қаулысымен
бекiтілген
Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды және олар көрсететін
қызметтерді сертификаттау
ЕРЕЖЕСI
1. Жалпы ережелер
1. Осы Азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыларды және олар көрсететiн қызметтердi сертификаттау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстігiн пайдалану және авиация қызметi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 заң күшi бар Жарлығының,. "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының талаптарына және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын тиiстi халықаралық шарттарды ескере отырып, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес әзiрленген.
2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыларға, сондай-ақ жолаушылар, теңдеме жүк, жүк және почтаның әуе тасымалын ұйымдастыру мен қамтамасыз ету және авиациялық жұмыстарды орындау жөнiнде аталған пайдаланушылар көрсететiн қызметтерге сертификаттар беру тәртібiн белгiлейдi.
Осы Ереже аса жеңiл авиацияның әуе кемелерiн пайдаланушыларға қолданылмайды.
3. Осы Ережеде қолданылатын терминдер мен анықтамалар:
1) өтiнiм - өтiнiш берушiнiң сертификаттық тексеру рәсiмдерiнен өту үшiн уәкілетті органға жазбаша өтiнiшi;
2) өтiнiш берушi - Азаматтық әуе кемесiн пайдаланушының сертификатын алу үшiн уәкiлетті органға өтінiш жасаған жеке немесе заңды тұлға;
3) сертификаттық талаптар - азаматтық авиацияны сертификаттау саласында нормативтiк құқықтық кесiмдермен белгіленген талаптар;
Редакция документа
Демо – версия документа