(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.19.08. № 853 ҚАУЛЫСЫ
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 тамыздағы № 853 Қаулысы
Осы редакция 2007 ж. 19 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердiң аражігін ажырату және бюджеттік қатынастар мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2004 жылғы 20 желтоқсандағы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерiне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 15 сәуірдегі Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 27-1-жолмен толықтырылсын:
«27-1 Облыстық (республикалық турагенттік туроператорлық
маңызы бар қаланың, қызметтi және туризм
астананың) атқарушы нұсқаушысының қызметтерiн
органдар жүзеге асыру»;
2) «Туристік қызметтi лицензиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегі № 1213 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 33, 428-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Туристік қызметтi лицензиялау ережесінде:
1-тармақта:
«, экскурсияларды,» деген сөз алынып тасталсын;
«уәкiлетті органның - лицензиардың» деген сөздер «облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдардың - лицензиардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
Редакция документа
Демо – версия документа