(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы 1992 жылғы 2 шілдедегі
№ 1488-ХІІ Қазақстан Республикасының Заңы
(ҚР Президентінің 05.10.95 ж. № 2488 Жарлығымен; 2004.20.12 № 13-III
ҚР Заңымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2007 ж. 12 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңын қара (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
Тарихи-мәдени мұра халықтың тарихи тағдырының аса маңызды айғағы ретінде, оның бүгінгі және болашақта дамуының негізі және сөзсіз шарты ретінде, бүкіл адамзаттық өркениеттің құрамдас бөлігі ретінде барлық қауіп-қатерден тұрақты түрде қорғап отыруды талап етеді. Қазақстан Республикасында мұны қамтамасыз ету барлық заңды ұйымдар мен нақты адамдардың адамгершілік борышы және осы Заңмен белгіленетін міндеті болып табылады.
1 бөлім. Жалпы ережелер
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
1-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы заңдары
Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы заңдарының мақсаты мен міндеттері
Осы Заңның мақсаты тарихи-мәдени мұраның сақталуын және сабақтас дамуын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды реттеу, атап айтқанда:
- тарихи-мәдени мұра ұғымын анықтау, оны қорғау және пайдалану;
- тарихи-мәдени мұра объектілерінің құқылық мәртебесін баянды ету;
Редакция документа
Демо – версия документа