Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.25.08 № 818 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 818 Қаулысы

 

Осы редакция 2007 ж. 7 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 65 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 22 маусымдағы № 137 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 65 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 286 қаулысында:

2-тармақтағы «акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену мен пайдалану құқықтарына ие» деген сөздер «акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) «»Қазына» АҚ-тың жарғылық капиталын төлеуге берілген» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) «Қазына» АҚ-тың орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін заңды тұлғалардың тізбесі бекітілсін»;

5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) акциялардың мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) «Қазына» АҚ-тың жарғылық капиталын төлеуге беруді;»;

5-тармақтың 4) тармақшасындағы «мемлекеттік пакеттерін» деген сөздер «мемлекеттік пакетін» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-тармақтармен толықтырылсын:

«6-1. Осы қаулының 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалар заңнамада белгіленген тәртіппен «Қазына» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акциялардың мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) бағалауды жүргізсін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку