Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 сәуірдегі № 308 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 сәуірдегі № 308 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 426-қосымшада:

«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:

«Франциядан,» деген сөзден кейін «Америка Құрама Штаттарынан, Сингапурдан, Жаңа Зеландиядан, Австралиядан,» деген сөздермен толықтырылсын;

«Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер» деген 7-тармақта:

«Тікелей нәтижеде» «Халықаралық сарапшылар мен дәріскерлерді Франциядан - 3 адам,» деген сөздерден кейін «Америка Құрама Штаттарынан - 2 адам, Сингапурдан - 1 адам, Жаңа Зеландиядан - 1 адам, Австралиядан - 1 адам» деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

К. Мәсімов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку