«Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті «Қазақстан метрология институты (ҚазМетрИн)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Қазақстан метрология институты консалтинг» еншілес мемлекеттік кәсіпорнын қайта құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 219 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және
метрология комитеті «Қазақстан метрология институты (ҚазМетрИн)» шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Қазақстан метрология институты консалтинг»
еншілес мемлекеттік кәсіпорнын қайта құру туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 219 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті «Қазақстан метрология институты (ҚазМетрИн)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Қазақстан метрология институты консалтинг» еншілес мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Казметконсалтинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - серіктестік) болып қайта құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
серіктестіктің қатысудың мемлекеттік үлесін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне берсін;
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетімен бірлесіп:
1) техникалық реттеу және метрология саласында техникалық құзыреттілік сәйкестігін сараптамалық бағалауды жүзеге асыруды, техникалық реттеу және метрология саласында консалтингті, персоналды оқыту мен дайындауды оның қызметінің негізгі мәні деп белгілеп, серіктестіктің жарғысын бекітсін;
2) серіктестіктің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
«Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулыға 2 қосымшада:
«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-87 жолмен толықтырылсын:
«21-87. «Казметконсалтинг» ЖШС»;
2) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне
292-1. «Казметконсалтинг» ЖШС».
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |