Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Алматы қаласының өңірліқ қаржы орталығы» ақционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қаңтардағы № 65 Қаулысы

«Алматы қаласының өңірліқ қаржы орталығы» ақционерлік қоғамын құру туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қаңтардағы № 65 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын.

2. Қоғам қызметінің негізгі мәні Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының инфрақұрылымын құру болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы  орталығының қызметін реттеу агенттігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен қоғамның жарғылық капиталын 1500000000 (бір миллиард бес жүз миллион) теңге мөлшерінде республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қалыптастыруды қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) қоғамның Жарғысын бекітуді және қоғамның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігіне берсін;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

«Алматы қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-106-жолмен толықтырылсын:

«123-106. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» АҚ»;

2) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 301-жолмен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігіне

301. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» АҚ».

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку