«Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және оны қарау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 30 қыркүйектегі № 143 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2006 жылғы 13 қарашадағы № 171 Бұйрығы (күші жойылды)
«Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға
қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың
қаржылық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және оны қарау ережесін
бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 143 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрінің 2006 жылғы 13 қарашадағы № 171 Бұйрығы
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009.22.05 № 115 Бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 21 тамыздағы № 234-ө өкімін орындау үшін бұйырамын:
1. «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және оны қарау ережесін бекіту туралы» (№ 3185 нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізімінінде тіркелген), Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 30 қыркүйектегі № 143 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбындағы «жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын» деген сөздер «жарғылық капиталға қатысу арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
бұйрықтың 1-тармағындағы «жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын» деген сөздер «жарғылық капиталға қатысу арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын.
Документ утратил силу
Демо – версия документа