Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Алматы қаласында мамандандырылған қаржылық сот құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 158 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

 

«Алматы қаласында мамандандырылған қаржылық сот құру туралы»

 

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 3-бабының 3-тармағына, 10-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Алматы қаласында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына қатысушылардың азаматтық-құқықтық дауларын қарауға уәкілетті, облыстық сотқа теңестірілген мамандандырылған қаржылық сот құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы осы Жарлыққа сәйкес құрылған соттың төрағасы мен судьяларының лауазымдарына кандидаттарды іріктеу жөнінде заңнамада белгіленген тәртіппен шаралар қабылдасын және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына осы соттың кадр құрамы жөнінде ұсыныстарды табыс етсін.

3. Алматы қаласының әкімі осы Жарлыққа сәйкес құрылатын сотқа 2006 жылғы 1 қыркүйекке дейін ғимарат бөлуді қамтамасыз етсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку