Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 774 Қаулысы (2007.06.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 774 Қаулысы

(2007.06.12. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 977 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

1) ҚР Үкіметінің 2007.06.12. № 1193 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара)

2) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 1240 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Адамдар, көлік құралдары мен жүктер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтетін кезде оларды өткізу пункттерінде бақылауды жүргізу тәртібі туралы нұсқаулықта:

23-тармақта:

1) тармақшадағы «жүргізушілердің еңбек ету және демалу режимінің есебін тіркеу парағының,» деген сөздерден кейін «тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру және/немесе автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының,» деген сөздермен толықтырылсын;

2) тармақшадағы «рұқсат қағазы» деген сөздерден кейін, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы және/немесе көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттары» деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции