(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын
алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияны құру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 11 ақпандағы № 203 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 03.04.02 ж. № 397; 17.07.02 ж. № 797; 31.10.03 ж. № 1083;
05.12.03 ж. № 1238; 2005.28.02. № 173 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 27 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай-ақ жерүсті телерадио хабарларын тарату жұмысы үшін бөлінетін шектеулі мемлекеттік ресурстар радиожиілік спектрін тиімді пайдалануды арттыру, халықтың телерадио бағдарламаларына сұранысын неғұрлым толық қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 03.04.02 ж. № 397; 17.07.02 ж. № 797; 31.10.03 ж. № 1083; 05.12.03 ж. № 1238; 2005.28.02. № 173 (бұр. ред. қара) қаулыларымен Құрам өзгертілді
1. Конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарау және жеңімпаздарды анықтау жөніндегі шешімдер қабылдау үшін мынадай құрамда Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссия құрылсын:
Қосыбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Есетжан Мұратұлы ақпарат және спорт министрi, төраға
Тәуекел - Қазақстан Республикасы Мәдениет,
Сләмбек Тiлеғабылұлы ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат
және мұрағат комитетiнiң төрағасы,
Редакция документа
Демо – версия документа