(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 3 АҚПАНДАҒЫ № 126 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының сыртқы сауда статистикасын жүргiзу мәселелерi
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 3 ақпандағы № 126 қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 13 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 421-бабына сәйкес, сыртқы сауда статистикасын, сондай-ақ ұлттық шоттар мен төлем теңгерiмi жүйесiн қалыптастыру жөнiндегі жұмыстарды жетiлдiру әрi үйлестiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1-тармақ 2004 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгiзiледi
1. "Қазақстан Республикасының төлем балансын жасау туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 29 қаңтардағы № 71 қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
1-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1.1. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттігi:
1) ай сайын eceптi кезеңнен кейiнгi 36-күнге Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасының (ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН) он мәндi цифрлық кодына сәйкес елдер мен тауарлар бөлінісiнде кедендік жүк декларацияларының негiзiнде Қазақстан Республикасы сыртқы сауданың кедендiк статистикасын электронды түрде және "Кедендiк жүк декларацияларының негiзіндегi сыртқы сауда көрсеткiштерi" бюллетенiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне ұсынсын;
2) тоқсан сайын есептi кезеңнен кейiнгi 25-күнге ТМД аймағын бөлiп көрсете отырып, есептi тоқсан үшiн экспорт пен импорттың жиынтық көлемдерi жөніндегі деректердi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне ұсынсын;
Редакция документа
Демо – версия документа