Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2001.12.06 № 807 ҚАУЛЫСЫ

"Би - Логистикс" жабық акционерлік қоғамын құру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 маусымдағы № 807 қаулысы

 

Осы редакция 2006 ж.06 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің "Сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығын соттардың қызметін қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша қосымша шараларды бөлігінде іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жарғылық капиталына мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен "Би - Логистикс" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.

2. Қоғам қызметінің негізгі мән-жайы:

Қоғамның қаржылық қаражатын тиімді пайдалануды арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу;

соттарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету проблемаларын зерделеу және осы жұмыстарды ұйымдастыруға көмек көрсету;

шаруашылық қызметін жүзеге асыру және шарт бойынша заңды тұлғаларды материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнінде өзге де шаралар қабылдау;

заңнамада белгіленген тәртіппен сот тәртібімен алынған мүліктерді және құндылықтарды оларды сатқанға дейін сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.

3. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет Қоғамның жарғылық капиталын 100 есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қалыптастыруды қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

Қоғамның жарғысын бекітсін және мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку