Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 509к Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 509к Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 185-қосымшада:

4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

"4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекетаралық инвестициялық банктің жарғылық капиталын қалыптастыру үшін ақша қаражатын жинақтау.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мемлекетаралық инвестициялық банктің жарғылық капиталын қалыптастыру үшін ақша қаражатын жинақтау.";

"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

"Ақша қаражатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде жаңадан құрылатын Еуразия даму банкінің атына ашылған уақытша жинақтау шотына аудару.";

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстан Республикасының мемлекетаралық инвестициялық банктің жарғылық капиталындағы үлесінің 20 пайызын төлеу үшін ақша қаражатын қамтамасыз ету.".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку