(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 11 ҚАНТАРДАҒЫ № 41 ҚАУЛЫСЫ
Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне
және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 11 қаңтардағы № 41
қаулысы
(ҚР Үкіметінің 22.05.02 ж. № 550; 30.07.02 ж. № 854; 24.01.03 ж. № 91;
30.09.03 ж. № 1008; 27.11.03 ж. № 1191; 27.01.04 ж. № 89; 19.08.04 ж.
№ 867; 27.09.04 ж. № 985; 07.10.04 ж. № 1040; 2004.24.12. № 1367;
2005.02.02. № 88; 2005.09.02. № 124; 2005.29.04. № 402
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 15 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 24.01.03 ж. № 91 қаулысымен тақырыбы толықтырылды (бұр. ред. қара)
"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 9-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 24.01.03 ж. № 91 (бұр. ред. қара); 19.08.04 ж. № 867 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне (бұдан әрi - мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерi) еңбекақы төлеу жүйесi уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесi болып табылады, деп белгiленсiн. Уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесi:
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерi лауазымдарының тiзiлiмi;
мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшiн алынатын базалық лауазымдық жалақыға қолданылатын коэффициенттер;
қосымша ақылар, үстемеақылар мен өтемақылар ;
Қазақстан Республикасының Ресей федерациясындағы Сауда өкiлдiгі қызметкерлерiнiң шетел валютасындағы лауазымдық жалақыларының схемалары негiзiнде еңбекақы төлеудi қамтиды.
ҚР Үкіметінің 24.01.03 ж. № 91 (бұр. ред. қара);19.08.04 ж. № 867 қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Мыналар:
Редакция документа
Демо – версия документа