«Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 941 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 11 тамыздағы № 396 бұйрығы (күші жойылды)
«Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету туралы ережені
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 941 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 11 тамыздағы № 396 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 881 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегi № 1438 Жарлығымен бекітілген Денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 941 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 2635 тiркелген, 2004 жылғы 17 қаңтардағы "Ресми газетте" № 3 (160) жарияланған) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекітілген Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету туралы ережеде:
7-тармақта "медициналық қызметтердiң сапасын талдауды және бағалауды жүзеге асыратын ұйым" деген сөздер "медициналық қызметтердiң сапасын бақылау жөніндегі бойынша мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақта "медициналық қызметтердiң сапасын талдауды және бағалауды жүзеге асыратын ұйымның тиiстi құрылымдық бөлiмшесiнiң (филиалының)" деген сөздер "медициналық қызметтердiң сапасын бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшесiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
Документ утратил силу
Демо – версия документа