(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1999 ЖЫЛҒЫ 27 ТАМЫЗДАҒЫ № 1271 ҚАУЛЫСЫ
«Ормандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы »
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1271 Қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 30 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының Орман кодексiне" сәйкес ормандардағы өрт қауiпсiздiгi мен өрт сөндiрудiң нәтижелiлiгiн арттыру, олардың алдын алу жөнiнде қажеттi iс-шаралар жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі:
1) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiне 1999 жылы Қазақстан Республикасының ормандар картасын жаңартуды тапсырсын;
2) мемлекеттік өртке қарсы қызметпен бiрлесiп, ормандарда Өрт қауiпсiздiгінiң ережелерi сақталуы үшiн сақтандыру шаралары мен бақылауды күшейтуге, ормандарды жерде, авиациялық қорғау мен сақтаудың дайындығын қамтамасыз етуге, орман алқаптарының өртке тұрақтылығын арттыруға ерекше көңiл бөле отырып, орман шаруашылықтарын өрттiң қауiптi маусымдарына дайындау жөніндегі қажеттi кешендi ұйымдастыру шараларын жүзеге асырсын;
3) мемлекеттік өртке қарсы қызметпен бiрлесiп, орман өрттерiн сөндiруге қатысатын ұшақтарды, тiк ұшақтарды, өрт, апаттан құтқару техникасы мен жабдықтарын пайдалану жөніндегі келген шығынды қаржыландырудың және шығындарды өтеудiң шарттарын айқындай отырып, ормандағы өрттердi ескерту, оларды жою мақсатында ормандарды авиациялық қорғау және сақтау қызметі авиациясының ұшақтарымен және тiк ұшақтарымен тұрақты қызмет жүргізілуін ұйымдастырсын.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлігі:
1) темір және тас жолдардың бойындағы бөлiнген алқаптар аймағында өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын;
Редакция документа
Демо – версия документа