Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Федералдық ғарыш агенттігі арасындағы Қазақстан Республикасы сынаушы-ғарышкерлерінің Ю.А.Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлайтын мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынақ орталығындағы топтарда арнайы дайындықтан өту тәртібі мен шарттары туралы хаттама (Жоба)

Жоба

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
мен Федералдық ғарыш агенттiгі арасындағы Қазақстан
Республикасы сынаушы-ғарышкерлерінің Ю.А. Гагарин атындағы
Ресей ғарышкерлер даярлайтын мемлекеттік ғылыми-зерттеу
сынақ орталығындағы топтарда арнайы дайындықтан өту
тәртібi мен шарттары туралы
 ХАТТАМА

 

Хаттамаға қол қою туралы ҚР Үкіметінің 2005.05.08. № 819 Қаулысын қара

 

Бұдан әрі "Жiберушi тарап" деп аталатын Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігі және бұдан әрi "Қабылдаушы тарап" деп аталатын Федералдық ғарыш агенттiгi, бұдан әрі бірге "Тараптар" деп атала отырып,

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкiметінің арасындағы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы "Байқоңыр" кешенiн жалға алу шартын, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 2000 жылғы 19 маусымдағы "Байқоңыр" кешенiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша әрі қарай ынтымақтастық туралы меморандумды, Қазақстан Республикасы Президентінің Ресей Федерациясы ғарыш саласының басшыларымен 1999 жылғы 1 сәуiрде Мәскеу қаласында болған кездесуiнде қол жеткiзген Қазақстан Республикасының екі ғарышкерiн даярлау туралы уағдаластықты басшылыққа ала отырып,

ғарыш кеңiстiгiн бейбiт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы екі жақты ынтымақтастықты дамытуға талпынысты негiзге ала отырып,

Қазақстан Республикасы ғарышкерлерінiң қатысуымен Халықаралық ғарыш стансасының бортында бірлесiп жұмыс жүргізу бойынша өзара тиiмдi ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығы туралы 2005 жылғы 2 маусымдағы Қазақстан Республикасының Президентi мен Ресей Федерациясының Президентi жасаған мәлiмдеменiң ережесін назарға ала отырып,

төмендегілер туралы келiстi:

 

1-бап

 

Қабылдаушы тарап жалпығарыштық даярлықтан өткен Қазақстан Республикасының екі сынаушы-ғарышкерлерін Ю.А.Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлайтын ғылыми-зерттеу сынақ орталығындағы (бұдан әрі - Ю.А.Гагарин атындағы ҒДО) топтарда арнайы дайындықтан өту үшін қабылдайды.

 

2-бап

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку