Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 сәуірдегі № 386 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2004 жылғы 9 қыркүйектегi № 949

қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 сәуірдегі № 386 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "Телефон үшiн абоненттiк ақы тарифтерiнiң арттырылуына өтемақы төлеудiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 9 қыркүйектегi № 949 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 34, 455-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн:

2-1, 2-2, 2-3-тармақтар алынып тасталсын;

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қалалық телекоммуникация желiлерiнiң абоненттерi болып табылатын, әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға телефон үшiн абоненттiк ақы тарифтерiнiң арттырылуына өтемақы төлеу ережесiнде:

барлық мәтiн бойынша:

"мақсатты" деген сөздiң алдынан "ағымдағы" деген сөзбен толықтырылсын;

1-тармақтың 3) тармақшасында:

"қалалық" деген сөзден кейiн "(аудандық)" деген сөзбен толықтырылсын;

"(Астана және Алматы қалаларындағы аудандық)" деген сөздер алынып тасталсын;

3, 5 және 8-тармақтарда "қалалық", "Қалалық" деген сөздерден кейiн "(аудандық)" деген сөзбен толықтырылсын.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку