(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 03.08.04 Ж. № 829 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң "С. Сейфуллин
атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетi" шаруашылық
жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 829 Қаулысы
(ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен енгізілген
өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 04 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң "С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
2. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білімдi мамандар даярлау және қайта даярлау болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Кәсiпорынның мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
1) Кәсiпорынның жарғысын бекітудi және оны әдiлет органдарында мемлекеттік тіркеудi қамтамасыз етсiн;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, "С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетi" ашық акционерлік қоғамын (бұдан әрi - Қоғам) тарату және кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған оның мүлкін Кәсiпорынға беру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;
3) таратылатын Қоғамның білiм алушыларының оқу жылын аяқтауы және оларды Кәсiпорынға ауыстыру үшiн шаралар қабылдасын;
4) осы қаулыны iске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
Редакция документа
Демо – версия документа