«Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 10 қазандағы № 88 бұйрығы
«Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 10 қазандағы № 88 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12517 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Реттеушілік құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларында:
3-1-параграф мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1-параграф. Қолданыстағы реттеуші актілерді талдау
17-1. Қолданыстағы реттеуші актілерді талдауды реттеуші мемлекеттік органдар/әзірлеуші органдар міндетті талаптар тізілімінде белгіленген мерзімдерде жүргізеді.
17-2. Қолданыстағы реттеуші актілердің тиімділігін, оның ішінде мемлекеттік реттеудің мәлімделген мақсаттарына қол жеткізуді және Кодекстің 81-1-бабында көзделген міндетті талаптарды қалыптастыру шарттарына және кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимыл қағидаттарына сәйкестігін бағалау олардың талдау нысанасы болып табылады.
17-3. Талдауды реттеуші мемлекеттік органдар/әзірлеуші органдар мынадай дәйекті іс-қимылдарды орындау арқылы жүргізеді:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша реттеуші құралдарды және (немесе) талаптарды қалыптастыру шарттарына сәйкестікті бағалауды толтыру;
2) осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес реттеуші актілерді талдаудың талдамалық нысанын толтыру;
3) осы Қағидалардың 6-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімін жүргізу.
Демо – версия документа