«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы» 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 және «Ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 875 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 12 маусымдағы № 430 Қаулысы (қолданысқа енген жоқ)

Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы» 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 және «Ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 875 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 12 маусымдағы № 430 Қаулысы (қолданысқа енген жоқ)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы» 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 және «Ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 875 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 12 маусымдағы № 430 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) «Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 қаулысында:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қоғам мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы болып айқындалсын, оның қызметінің негізгі нысанасы:

1) республикалық бюджеттік инвестициялық жобаларға экономикалық сараптаманы;

2) мемлекеттік кепілдік беру үшін инвестициялық жобаларға экономикалық сараптаманы;

3) республикалық бюджет қаражаты есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестицияларға экономикалық сараптаманы;

4) техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді және қаржылық агенттіктердің республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеудің экономикалық сараптамасын;

5) бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды;

6) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалауды;

7) бюджеттік инвестициялар саласында зерттеулерді;

8) мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша зерттеулерді және ұсынымдар әзірлеуді;

Документ не введен в действие

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку