«Реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 14 мамырдағы № 51 бұйрығы
«Реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 14 мамырдағы № 51 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12517 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Реттегіш құралдардың реттеушілік әсеріне талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларында:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) әзірлеуші-орган - өз құзыретіне сәйкес нормативтік құқықтық актілерді әзірлейтін жергілікті атқарушы органдар;
2) кәсіпкерлік басқармасы - кәсіпкерлік саласында басшылықты жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы;
3) қоғамдық талқылаулар - реттеу субъектілерінің және өзге мүдделі тұлғалардың жаңа реттеуді енгізу, қолданыстағы реттеуді қатаңдату, қолданыстағы реттегіш құралдарды қайта қарау мәселелері бойынша шешім қабылдау процесіне қатысуын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін, процесс барысында реттеу субъектілерімен кері байланыс болатын, олардың пікірлері мен ұсыныстары алынатын іс-шара;
4) мүдделі тұлғалар - енгізілетін немесе қолданыстағы реттегіш құралдардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізуге байланысты құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын жеке және заңды тұлғалар;
5) өңірлік кәсіпкерлер палатасы - Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жүйесіне аумақтық деңгейде кіретін облыс, республикалық маңызы бар қала және астана кәсіпкерлерінің палатасы (бұдан әрі - Өңірлік палата);
Демо – версия документа