«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (жоба) (2003 ж. 26 тамыз) (күші жойылды)

Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (жоба) (2003 ж. 26 тамыз) (күші жойылды)

Жоба

"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы"

Қазақстан Республикасының Заңы

ҚР Үкіметінің 26.08.03 ж. № 865 қаулысына сәйкес Заңның жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді

 

ҚР Конституциясына сәйкестiгi тұрғысында тексеру туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2004 жылғы 21 сәуірдегі № 4 қаулысын қара

 

Осы Заң Қазақстан Республикасының Конституциясы белгiлеген және кепiлдiк берген азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының сөз бостандығын ақпаратты алу мен таратуды, олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау жөніндегі бiртұтас мемлекеттік саясатты қамтамасыз етудi және онымен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi.

 

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) тiркеу - журналистке мемлекеттік органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және ұйымдардың ақпараттарына рұқсат ету рәсiмi;

2) хабар таратушы - теледидар және радио хабарларды тарататын және/немесе уақытпен қоятын, дайындайтын, монтаж жасайтын бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi;

3) бас редактор (редактор) - бұқаралық ақпарат құралының шығарылымын, эфирге шығуын iске асыратын редакцияны басқаратын, бұқаралық ақпарат құралының шығарылымына, эфирге шығуына қатысты соңғы шешiмдi қабылдайтын және оның мазмұны үшiн жауап беретiн жеке тұлға;

4) қосымша ақпарат - теледидар және радио хабарларын тарату белгiлерiнiң құрамында берiлетiн және барлық адамдардың өзiндiк шексiз қабылдауына арналған, негiзгi бағдарламаның мазмұнымен байланысты емес кез келген (әрiптiк, сандық, кескiндемелiк, дыбыстық) ақпарат;

5) журналист (бұқаралық ақпарат құралының өкiлi) - бұқаралық ақпарат құралы үшiн хабарламалар мен материалдарды жинау, өңдеу және дайындау жөніндегi қарекеттi атқаратын жеке тұлға;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку