Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 13 маусымдағы N
733 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1996 жылғы 11 желтоқсандағы № 1520 Қаулысы

ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

"Қазақстан Республикасының Үкіметі 1996 жылы жүргiзетiн тез қайтымды инвестициялық жобаларды конкурстық iрiктеудi ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 13 маусымдағы № 733 қаулысына берiлген қосымшаға мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

Инвестициялық жобаларды бағалау және iрiктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамына Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрінің бiрiншi орынбасары Ж.О. Дүйсембеков енгiзiлсiн;

С.М. Байболов жоғарыда аталған құрамнан шығарылсын.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi