Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 25 қыркүйектегi
№ 1281 қаулысына толықтыру мен өзгерту енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 3
қыркүйектегі № 1082 Қаулысы

ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

"Тұрғын үй нарығын одан әрi дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 25 қыркүйектегi № 1281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 31, 385-құжат) мынадай өзгерту мен толықтыру енгiзiлсiн:

4-тармақта:

бiрiншi абзацтағы "коммерциялық конкурстарда" деген сөздерден кейiн, "сондай-ақ аукциондарда" деген сөздермен толықтырылсын;

екiншi абзацтағы "инвестициялық конкурстар" деген сөздер "саудаластықтар" деген сөздермен ауыстырылсын.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi