Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегi № 1304
қаулысына өзгерiс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005  жылғы 25 қаңтардағы № 60 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен  күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі

ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірiлген адамдар лауазымдарының тiзбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1304 қаулысына Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 45, 404-құжат) мынадай өзгерiс енгізiлсiн:

көрсетілген қаулымен бекітілген Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірiлген адамдар лауазымдарының тiзбесiнде:

"Педагог қызметкерлерге теңестірiлген адамдардың лауазымы" деген 2-тараудың он тоғызыншы абзацында "Оқыту қызметiмен тiкелей айналысатын" деген сөздер алынып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

Д.К. Ахметов