Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 197аэ қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулыға 138-қосымшада:

7-тармақта:

"№ 54, № 55, № 56 және № 57 көшелердi" деген сөздер алынып тасталсын;

", "Шұбар-3" Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясына кiреберiстiң № 2 учаскесiн" деген сөздер алынып тасталсын;

", № 1, 2 көшелердi салу және жобалау (асфальттеу)" деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

міндетін атқарушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А. Есімов