Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына өзгерiс енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 197аш қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулыға 59-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанының реттiк нөмiрi 4-жолында "54900-55000" деген сандар "57000-57705" деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

 

 

 

Д.К. Ахметов