Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 1272 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 56 қаулысы

Қазақстан Республикасының ?кіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 10 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1272 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулыға қосымшада:

Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 10 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:

     Мыңбаев                     - Қазақстан Республикасы
     Сауат Мұхаметбайұлы           Премьер-Министрінің орынбасары -
                                   Қазақстан Республикасының
                                   Индустрия және сауда министрi
 
     Әйтiмова                    - Қазақстан Республикасының
     Бірғаным Сарықызы             Білім және ғылым министрi
 
     Тасмағамбетов               - Алматы қаласының әкімі;
     Иманғали Нұрғалиұлы
 

мына:

     "Храпунов                   - Алматы қаласының әкімі"
     Виктор Вячеславович
 

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

     "Храпунов                   - Шығыс Қазақстан облысының әкімі"
     Виктор Вячеславович
 

көрсетілген құрамнан мыналар шығарылсын: Абайдiлдин Талғатбек Жәмшитұлы, Жақсыбеков Әдiлбек Рыскелдiұлы, Құлекеев Жақсыбек Әбдiрахметұлы.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

 

 

 

Д.К. Ахметов