Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 25 қарашадағы № 197э қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

1) көрсетiлген қаулыға 185-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:

"саны 200 дана дербес компьютерлер, 200 дана үздiксiз қоректендiру көздерiн, 200 дана принтерлер" деген сөздер "саны 207 дана дербес компьютер, 207 дана үздiксiз қоректендiру көздерiн, 205 дана принтер, 1 дана ноутбук" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) көрсетiлген қаулыға 186-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:

"74", "40", "74" деген сандар тиiсiнше "83", "45", "83" деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов