Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 2005 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қазандағы № 1056 Қаулысы


ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 353 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:

1. "Шетелдiк ұйымдардың алдындағы берешектердiң проблемасын шешу жөнiндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 2005 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 58, 572-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн:

1-тармақта:

Шетелдiк ұйымдардың алдындағы берешек мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізiлсiн:

     Әрiпханов                    - Қазақстан Республикасының
     Айдар Әбдiразақұлы             Қаржы вице-министрi, төрағаның
                                    орынбасары
 
     Әмрин                        - Қазақстан Республикасының
     Ғұсман Кәрімұлы                Индустрия және сауда бiрiншi
                                    вице-министрi
 
     Мұсайбеков                   - Қазақстан Республикасының Көлiк
     Сәкен Жүнiсбекұлы              және коммуникациялар вице-министрi

"Бекбосынов Сабыржан Мәдиұлы - Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi" деген жол ", хатшы" деген сөзбен толықтырылсын;

көрсетiлген құрамнан Өзбеков Ғани Нұрмұханбетұлы, Мамин Асқар Ұзақбайұлы, Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов