"ҚазҒЗМИ-дiң тау-кен геомеханикасы және маркшейдерлiк iсi Қазақ
ғылыми-зерттеу институты" мемлекеттік мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі № 1002
қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Энергетика және отын ресурстары министрлігінің "ҚазҒЗМИ-дiң тау-кен геомеханикасы және маркшейдерлiк iсi Қазақ ғылыми-зерттеу институты" мемлекеттік мекемесi оның жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыздық үлеспен қатысатын "Республикалық тау-кен геомеханикасы және маркшейдерлік iсi ғылыми орталығы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi (бұдан әрi - Серiктестiк) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен бiрлесiп, Серiктестiктiң жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тіркелуiн қамтамасыз етсiн;

2) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне Серiктестiкке қатысудың мемлекеттік үлесiне иелік ету және пайдалану құқықтарын берсiн;

3) осы қаулыны iске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзілсiн:

1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:

"Қарағанды облысы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 214-10-жолмен толықтырылсын:

"214-10. "Республикалық тау-кен геомеханикасы және маркшейдерлiк iсi ғылыми орталығы" ЖШС";

2) "Республикалық меншіктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестерiне иелік ету және пайдалану жөнiндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттік үлестерiнiң тiзбесiнде:

"Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 20-1-жолмен толықтырылсын:

"20-1. "Республикалық тау-кен геомеханикасы және маркшейдерлік iсi ғылыми орталығы" ЖШС".

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

Д. Ахметов