Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 9 наурыздағы
№ 61-ө өкіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің
2004 жылғы 16 қыркүйектегі № 268-ө өкімі

ҚР Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө Өкімімен күші жойылды

"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 9 наурыздағы № 61-ө өкіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген өкіммен бекітілген "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының Үкіметі нормативтік-құқықтық кесімдерінің тізбесінде:

реттік нөмірі 5-жол алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-1-жолмен толықтырылсын:

     "8-1  Автокөлік              Қазақстан    ККМ, ТЖА    2004 жылғы
           тасымалдаушыларын      Республикасы             желтоқсан
           төтенше жағдайларды    Үкіметінің
           жоюға тарту ережесін   қаулысы
           бекіту туралы                                             ".
 

Премьер-Министр

Д.К. Ахметов