«Қазақстанның Даму Банкi» акционерлік қоғамының директорлар
кеңесi құрамының кейбір мәселелерi туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 933
Қаулысы

ҚР Үкіметінің 2006.20.09. № 885 қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстанның Даму Банкi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қазақстанның Даму Банкi» (Бұдан әрi - Даму Банкi) акционерлік қоғамы акционерлерiнiң жалпы жиналысына мыналар:

1) Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi - Әсет Өрентайұлы Исекешевтi Даму Банкi Директорлар кеңесiнiң құрамына сайлау;

2) Даму Банкi Директорлар кеңесiнiң құрамынан Асқар Ұзақпайұлы Маминдi шығару ұсынылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

 

Д.К. Ахметов