Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327
қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004
жылғы 19 тамыздағы 197н қаулысы


Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 138-қосымшада:

7-тармақ "; Астана қаласында № 17, 18-көшелердің учаскелерін және сулы-көгалды бульвардың ұзына бойында және көлденеңінен жергілікті өткелдерді салу." деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов