Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi
комитетiнiң кейбір мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004
жылғы 12 тамыздағы № 843 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен енгізілген
өзгерістерімен)

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Маңғыстау облысының Ақтау қаласында орналасқан Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң "ГМ - 172/10 мекемесi" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитеті заңнамада белгіленген тәртiппен Мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн.

3. Мекеменi қаржыландыру тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте "Тергеу-тұтқынға алынған адамдарды ұстау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегiнде жүргiзiледi деп белгiленсiн.

4. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң мынадай мемлекеттік мекемелерi таратылсын:

1) ЕЦ - 166/20 мекемесi;

2) ОВ - 156/12 мекемесi;

3) ГМ - 172/7 мекемесi.

5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі:

1) мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң бекітілген штат санының лимиттерi шегiнде Мекеменiң штат санын белгiлесiн;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

6. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн:

1) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен күші жойылды

2) "Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін одан әрi дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1376 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекiтілген "Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесiн одан әрi дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасында:

"Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:

"ҚАЖ-дың материалдық-техникалық базасын жақсарту" деген кiшi бөлiмде:

реттiк нөмiрi 41-жолдың 2) тармақшасындағы "Iс-шаралар" деген бағандағы "ГM-172/7" деген сөздер алынып тасталсын.

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

міндетін атқарушы

 

 

 

 

 

 

А. Есімов