Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260
және 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулыларына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 12 тамыздағы № 847 Қаулысы


Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсiн:

1) "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысында:

көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:

"Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету" 01 функционалдық топта:

"Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi" 619 әкiмшiсi бойынша:

"Кедендiк бақылау және кедендік инфрақұрылым объектілерiн салу" 004 бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:

           004  Кедендiк бақылау және кедендiк инфрақұрылым
           объектiлерін салу                                     2821350
           соның iшiнде инвестициялық жобаларға:
           Оңтүстік Қазақстан облысы "Ғани Мұратбаев" бiрыңғай
           бақылау-өткізу пунктін салу                            218000
           Қостанай облысы "Обаған" бiрыңғай бақылау-өткізу
           пунктiн салу                                           215031
           Шығыс Қазақстан облысы "Ауыл" бiрыңғай бақылау-өткізу
           пунктін салу                                           249360
           Солтүстік Қазақстан облысы "Қарақоға" бiрыңғай
           бақылау-өткізу пунктін салу                            219897
           Павлодар облысы "Шарбақты" бiрыңғай бақылау-өткізу
           пунктiн салу                                           219500
           Алматы облысы "Дружба" станциясындағы "Достық"
           халықаралық темір жол кеден терминалын салу            372000
           Павлодар облысы "Ертіс" кеден бекетiн электрмен
           жабдықтау                                                7099
           Павлодар облысы "Найза" кеден бекетiн электрмен
           жабдықтау                                               14100
           Маңғыстау облысы Ақтау қаласында 10 иттік
           мөлдек салу                                             31420
           Шығыс Қазақстан облысы "Бақты" кеденiнiң кедендiк
           ресiмдеу залын салу                                     33230
           "Ақтөбе - Кедендiк ресiмдеу орталығы" кеден
           бекетiн салу                                            85562
           "Достық" кеденінiң тексеру алаңын және уақытша
           сақтау қоймасын салу                                    50000
           Алматы қаласында оқу-әдiстемелiк орталық салу          500000
           Астана қаласында 100 орынға арналған жатақхана салу    289950
           "Достық" кеденi кеден қызметiнiң қызметкерлерi үшiн
           тұрғын үй салу                                         248000
           "Астана қаласындағы кедендік ресiмдеу орталығы"
           кеден бекетiнiң құрылысын аяқтау                        34897
           Павлодар қаласындағы Кедендiк ресiмдеу орталығы -
           кеден бекетiне жапсаржай салу                          33304";

2) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысында:

көрсетілген қаулыға 408-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың 5-бағанында:

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"9. Ақтөбе - Кедендiк ресiмдеу орталығы" кеден бекетiнің құрылысын салу" (жұмыс жобасына мемлекеттік сараптаманың 2003 жылғы 28 қарашадағы № 6-506/03 қорытындысы);";

мынадай мазмұндағы 11 және 12-тармақтармен толықтырылсын:

"11. Астана қаласындағы кеден бекетінің - Кедендiк ресiмдеу орталығының құрылысын аяқтау" (жұмыс жобасына мемлекеттік сараптаманың 2004 жылғы 23 сәуiрдегі № 2-163/04 қорытындысы);

12. Павлодар қаласындағы кеден бекетiне - Кедендiк ресiмдеу орталығына жапсаржайдың құрылысын салу" (сметалық құжаттама бойынша мемлекеттік сараптаманың 2004 жылғы 13 сәуірдегі № 16-111/04 қорытындысы).

"Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер" деген 7-тармақта:

бiрiншi абзацта:

"Ақтөбе облысы бойынша Кедендiк бақылау департаментiнiң әкiмшілiк ғимаратына жапсаржайдың" деген сөздер алынып тасталсын;

"Алматы облысы "Достық" кеденiнiң тексеру алаңы мен уақытша сақтау қоймасының" деген сөздерден кейiн ", Астана қаласындағы кеден бекетiнiң - Кедендiк ресiмдеу орталығының, Павлодар қаласындағы кеден бекетiне - Кедендiк ресiмдеу орталығына жапсаржайдың" деген сөздермен толықтырылсын; екiншi абзац "Достық" кедендiк теміржол терминалының құрылысын салу бойынша (сметалық құнының 70%)" деген сөздерден кейiн ", Ақтөбе Кедендiк ресiмдеу орталығы" кеден бекетiнiң құрылысын салу бойынша" (сметалық құнының 75%)" деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

міндетін атқарушы