Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N
164-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 213-ө Өкімі

ҚР Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө Өкімімен күші жойылды

"Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 2 маусымдағы № 164-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген өкіммен бекітілген "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық кесімдерінің тізбесінде:

атауындағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің" деген сөздер алынып тасталсын;

реттік нөмірі 1-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "2004 жылғы қыркүйек";

реттік нөмірі 2-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "2004 жылғы қазан";

реттік нөмірлері 3 және 4-жолдар алынып тасталсын;

реттік нөмірі 5-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "2004 жылғы тамыз";

реттік нөмірі 6-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "2004 жылғы қыркүйек";

реттік нөмірі 7-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "2004 жылғы қазан";

реттік нөмірі 8-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "2004 жылғы қазан";

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-жолмен толықтырылсын:

     "9  Қазақстан Республикасы      Қазақстан      2004 жылғы      ИСМ
         Үкіметінің 2002 жылғы      Республикасы     қыркүйек
         12 қыркүйектегі № 996       Үкіметінің
         және 2002 жылғы              қаулысы
         18 қарашадағы № 1220
         қаулыларына өзгерістер
         мен толықтырулар енгізу
         туралы                                                      ".
 

Премьер-Министр

Д.К. Ахметов