Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 қаңтардағы № 62
қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 811 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2006.08.06. № 523 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 қаңтардағы № 62 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2-тармақтармен толықтырылсын:

"1-1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Қайрат Нематұлы Келімбетов Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі болып тағайындалсын.

1-2. Григорий Александрович Марченко Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі міндетінен босатылсын.".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов