Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 қаңтардағы № 9 және 2004
жылғы 4 наурыздағы № 268 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 шілдедегі № 794 Қаулысы

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 15 қазандағы № 948 қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) "Хьюстон бастамасы" кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қазақстан-американ әріптестік бағдарламасын іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 қаңтардағы № 9 қаулысына:

"Хьюстон бастамасы" кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қазақстан-американ әріптестік бағдарламасын іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

     Орынбаев               - Қазақстан Республикасы Президентінің
     Ербол Тұрмаханұлы        Әкімшілігі Басшысының орынбасары -
                              Экономикалық саясат басқармасының бастығы,
                              төрағаның орынбасары (келісім бойынша)
     Қазыбаев               - Қазақстан Республикасының Индустрия және
     Айдар Қалымтайұлы        сауда министрлігі Шағын бизнесті қолдау
                              жөніндегі комитетінің төрағасы, комиссия
                              хатшысы
     Манақбай               - "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры"
     Толымбек                 акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы
                              (келісім бойынша);
 

көрсетілген құрамнан: Өтембаев Ержан Әбілхайырұлы, Мисников Владимир Андреевич, Ибадуллаев Азамат Амалұлы шығарылсын;

2) "Лицензиялау жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 наурыздағы № 268 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 11, 143-құжат):

Лицензиялау жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына енгізілсін:

     Қазыбаев               - Қазақстан Республикасының Индустрия және
     Айдар Қалымтайұлы        сауда министрлігі Шағын бизнесті қолдау
                              жөніндегі комитетінің төрағасы;

көрсетілген құрамнан Мисников Владимир Андреевич шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов