Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 және
2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 мамырдағы № 583 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

1) "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысына:

көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:

04 "Білім" функционалдық тобында:

225 "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" әкiмшiсi бойынша:

011 "Білім беру және ғылым объектілерін салу және қайта жаңарту" бағдарламасында:

"балаларды сауықтыру лагерiнiң" деген сөздер "оқу-сауықтыру орталығының" деген сөздермен ауыстырылсын;

"Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және кәсiби еңбек арқылы оңалтудың республикалық ғылыми-практикалық орталығының" деген сөздер "Түзету педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығының" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына:

көрсетiлген қаулыға 197-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:

010-бағдарламада:

7-бағандағы "Балдәурен" республикалық балаларды сауықтыру лагерi" деген сөздер "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетiлген қаулыға 198-қосымшада:

011-бағдарламада:

"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде:

5-бағанда:

"балалар сауықтыру лагерiнiң" деген сөздер "оқу-сауықтыру орталығының" деген сөздермен ауыстырылсын;

"Жетiлу проблемасы бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және кәсiптiк еңбекпен оңалтудың республикалық ғылыми-тәжiрибе орталығының" деген сөздер "Түзету педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығының" деген сөздермен ауыстырылсын;

7-бағандағы "Жетiлу проблемасы бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және кәсiби еңбекпен оңалтудың республикалық ғылыми-тәжiрибе орталығы" деген сөздер "Түзету педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын;

7-тармақта:

"балалар сауықтыру лагерiнiң" деген сөздер "оқу-сауықтыру орталығының" деген сөздермен ауыстырылсын;

"Жетiлу проблемасы бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және кәсiптiк еңбекпен оңалтудың республикалық ғылыми-тәжiрибе орталығының" деген сөздер "Түзету педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығының" деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетiлген қаулыға 203-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:

016-бағдарламада:

7-бағанда "Мүмкiндiгi шектеулi балаларды әлеуметтiк-педагогикалық қолдаудың ғылыми-практикалық орталығы" деген сөздер "Түзету педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

 

 

 

 

Д. Ахметов