Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 мамырдағы № 541 қаулысы
(2015.20.08. берілген өзгерістермен)

 

«Бюджет жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес, сондай-ақ республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы жолдар желiсiн ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) ҚР Үкіметінің 2015.20.08. № 655 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) «2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысында:

көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:

12 «Көлiк және байланыс» деген функционалдық топта:

215 «Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі» деген әкiмшi бойынша:

002 «Республикалық деңгейде автомобиль жолдарын дамыту» деген бағдарламада:

005 «Iшкi көздер есебiнен жобаны iске асыру» деген кiшi бағдарламада:

«Астана - Қостанай - Челябi - автожолын қайта жаңарту» деген жолдағы «6652045» деген сандар «6428660» деген сандармен ауыстырылсын;

«Алматы - Өскемен автожолдарын қайта жаңарту 166000» деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Рудный қаласының Батыс айналымы автожолын қайта жаңарту 223385»;

3) «2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысында:

көрсетiлген қаулыға 123-қосымшада:

6-тармақтың кестесiнде:

реттік нөмiрi 3-жолдың 5-бағанының 1-тармағында:

«360,34», «6554710» деген сандар тиiсiнше «367,24», «6331325» деген сандармен ауыстырылсын;

«Бейнеу-Ақжiгiт-Өзбекстан шекарасы 9,24 км 466000 мың теңге сомасына (Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс iстерi жөніндегі комитетiнiң 2003 жылғы 1 шiлдедегi № 263-ПИР бұйрығы)»деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Рудный қаласының Батыс айналма жолы - 6,9 км 223 385 мың теңге сомасына»;

7-тармақта «360,34» деген сандар «367,24» деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов